Семинар бейнетүсірілім көрсетілімінен басталды. Алғашқы сөз ШҚО білім басқармасының жетекшісі Айжан Садыковаға берілді. Ол өзінің баяндамасында қазіргі білім беру модернизациясының мәнін атап өтті. Сонымен қатар, Айжан Ерхановна ШҚО бойынша инновациялық жобаларды кіргізу тәжірибелері туралы да айтып өтті.
- Бүгінде біз, электроника, мехатроника, бағдарламалау, интернет заттар, 3D үлгілеу, толықтандырылған нақтылы және мультимедиялық журналистика бағыттары бойынша болашақта кәсіби компетенциялары мен мектеп оқушыларының меңгеруі үшін мүмкіндіктер жасалынатын жаңа жобалар жайлы айтудамыз, - деді Айжан Садыкова.
JuniorSkills бағдарламасының жүзеге асырылуы бойынша, соның ішінде компетенциялар немесе мамандықтарға материалдардың пакетін жасау жөнінде Павел Черных, WorldSkills (Russia, г.Санкт-Петербург, Россия) жобасының жетекшісі айтып өтті.
- «Болашақ мамандары» жобасы JuniorSkills бағдарламасына мектеп оқушыларын біріктірудің негізі болып табылады. Бұл бағдарлама кәсіби шеберлікті байқау жарыстарында кәсіби даярлықты да көрсетеді. Бұл әрекет 2014 жылдан бері WorldSkills Russia серіктестігі негізінде құрылған деді, - Павел Черных.
«Болашақ мамандары», «Мультимедиялық журналистика» және орталықтың перспективалық жобалары («Мен – инженер», «Мультимедиялық журналистика», «Мектеп-ЖОО») инновациялық жобаларын енгізу туралы ақпаратты ВК РгЦНТО УО ВКО директоры Сергей Коваленко айтып өтті.
- Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да «Болашақ мамандары» облыстық форсайт-семинарын кездейсоқ өткізіп отырған жоқпыз. «Мектеп-ЖОО» жобасын жүзеге асыру барысында - Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-мен меморандум орнатылды, 2016-2017 оқу жылынан бастап 10-11 сынып оқушылары үшін «сенбілік» мектепте техникалық мамандықтар бойынша дәріс алу үшін сабақтар өткізілуде. Оқушылар ЖОО-ның алдыңғы қатарлы профессорларынан білім алады, Республикалық, Халықаралық олимпиадаларға дайындықтар өткізіледі, - деді Сергей Коваленко.
Одан ары семинар жұмысы компетенциялар бойынша фоку-топтарда және шеберлік-сыныптарында жалғасты. Фокус-топтардың жаттықтырушылары ШҚМТУ-дың келесі оқытушылары болды: «Мехатроника» - Александр Красавин, «Робототехника» - Дмитрий Титов, «Бағдарламалау» - Индира Уалиева, «Интернет заттар» бойынша фокус-топтың модераторы - Дмитрий Зырянов.
Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің баспасөз қызметі