С почтеньем головы склоняем перед вами1 қазанда университеттің акт залында Халықаралық қарттар күніне арналған салтанатты шара өтті. Биыл ұжым бұрынғы әріптестерін мерекелік концертпен қарсы алды, онда біздің ардагерлер ұйымының хоры да өнер көрсетті.

Бұл күні сүйікті әндер шырқалды, ардагерлер атына ЖОО басшылығының , қызметкерлері мен студенттерінің жылы сөздері айтылды. Зейнеткерлерге дастархан жайылды, шай үстінде өткенді еске түсіріп, ЖОО-ның жаңалығына қанықты. Университет ректорының өкімімен мереке құрметіне зейнеткерлерге, ҰОС ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне қайырымдылық көмегі көрсетілді.

Жыл сайын ШҚМТУ қызметкерлерінің тізімі өсіп келеді, қазір 193 зейнеткер бар, олардың екеуі соғыс ардагері, 38-і тыл еңбеккерлері. Бұл белсенді ұйым қалалық және облыстық шараларға жиі қатысады.Ардагерлердің университеттің екінші ғимаратында тамаша үйі бар, онда бірнеше клуб жұмыс істейді, тақырыптық кештер өтеді.

Құрметті ардагерлер, сіздерге ұзақ өмір тілейміз! Сіздерді асыға күтеміз!