ШҚТУ дәстүрлі және баламалы энергетика мектебінің студенттері ШҚО энергетика саласының өкілдерімен кездесті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырылды.
Қазақстан энергетикалық ресурстардың ірі қорларына ие және энергетикалық держава болып табылады. «Өскемен жылу желілері» АҚ жылу энергиясы өндірісінің директоры Владимир Кедрунның айтуынша, соңғы 30 жыл ішінде сала автоматтандыруға көшті. Көптеген процестер автоматты түрде іске асырылуда, сол себепті кәсіби кадрлардың жетіспеушілігі сезіледі. Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті өңірдің тірек жоғары оқу орны болып табылады және осы сала үшін мамандар даярлайды. Владимир Дмитриевич кездесуге қатысушыларға өзінің еңбек жолының тарихын айтып, облыстағы жылу энергетикасының даму перспективалары туралы айтты.
Сонымен қатар, студенттерге таныстыру ролигі көрсетілді. Болашақ энергетиктер мен жылу энергетиктері Өскемен ЖЭО бойынша онлайн-экскурсияға қатысты. Іс-шараға өз қызметінде табысқа қол жеткізген жоғары оқу орнының түлектері де келді. Спикерлер сөз сөйлегеннен кейін студенттер болашақ жұмыс, жалақы, еңбек шартары туралы сұрақтар қойып, жауап алды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер студенттерге өздері оқып жатқан мамандықтардың ерекшеліктерін көбірек түсінуге көмектеседі.