Дмитрий Петровтің интенсивті әдістемесі бойынша ағылшын тілі курсы да мәресіне жетті. Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің студенттері Дмитрий Петровтің Инновациялық-коммуникативтік Лингвистика орталығынан өз сертификаттарын алды.
- Өздеріңіз білетіндей, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нде 2015 жылдан бастап, көптілді білім беруді дамытуға бағытталған «Үштілділік-табыс формуласы» жобасы іске қосылған. Аталған ғылыми жобаның жетекшісі - педагог, полиглот, танымал аудармашы Дмитрий Петров болып табылады. Оқытушылардың біздің университетке сапарының мақсаты-ШҚМТУ-нің пилоттық үш тобы бойынша студенттерге базалық ағылшын тілін оқыту. Оқыту 16 сағат бойынша екі модульді қамтыды. Дмитрий Петров Орталығының оқытушылары студенттермен бір мезгілде университет оқытушыларына да Дмитрий Петров жүйесін пайдалану арқылы сабақтарын жүргізіп, тәжірибе алмасу үшін тренингтер өткізді, - деп мәлімдеді өз сөзінде «Үштілділік-табыс формуласы» жобасының жетекшісі, университеттің ғылыми қызметкері Мадина Файзуллақызы.
1 курстың 45 студенті және 30 шақты көптілді оқытушы курсты аяқтағаны туралы сертификаттарын алды.
Дмитрий Петров орталығының барлық ұжымына ерекше алғысымызды білдіреміз. Жұмыстарыңызға табыс және сәттілік тілейміз.
Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің баспасөз қызметі