2016 жылдың 3 желтоқсанында клуб мүшелері Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы облыстық Достық үйінде болып қайтты. «Серпін» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан студенттерді Достық үйінің қызметкерлері Лео Богданович Шик пен Нелли Леонидовна Краснобаева жылы қарсы алды. Студенттер Достық үйінің және Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихымен танысып, жаңадан ашылған музейге экскурсия жасады. Кездесу соңында Достық үйі қызметкерлерінің күшімен концертті бағдарлама көрсетілді.