Сені Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың бакалавриат және магистратура мамандықтары бойынша білім алу үшін «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ білім беру грантын алуға конкурсқа қатысуға шақырамыз:
- Металлургия (дайындау бағыты - «Уран өнімдерін алудың инновациялық технологиялары»);
- Техникалық физика (дайындау бағыты - «Ядролық энергетика материалдары» (тантал, ниобий, бериллий)».
Оқу мерзімі: магистратурада – 1,5 жыл; колледж базасында бакалавриатта – 3 жыл, 11 сынып базасында – 4 жыл. Оқу түрі – күндізгі.
«ҮМЗ» АҚ есебінен грантта оқыту артықшылықтары:
- ЖОО-да оқыған барлық кезең төленеді;
- атаулы стипендиялар төлеу;
- төленетін тәжірибе;
- «ҮМЗ» АҚ жұмысқа орналасу кепілдігі.
«ҮМЗ» АҚ грантын алуға мұқтаж үміткерлер, «ҮМЗ» АҚ білім беру грантын беру тәртібі туралы Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес болуы және 2018 жылдың 26 шілдесіне дейін «ҮМЗ» АҚ Ережеге сәйкес ресімделген өтінімді және оған келесі құжаттарды қоса беруі тиіс:
- білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- үміткердің тұлғалық және іскерлік қасиеттерінің сапасын бағалайтын бөлімше басшысының мінездемесі;
- қолда бар ғылыми еңбектер тізімі (рефераттар, мақалалар және т.б.);
- «ҮМЗ» АҚ грант алуға неге лайықтымын» және / немесе «Осы мамандықты неге таңдадым» тақырыбына қатысушының авторлық презентациясы.
Қосымша ақпаратты «ҮМЗ» АҚ мамандары Гамулина Валерия Викторовна және Мухамеджанова Мадина Джумагалиевнадан алуға болады, Абай даңғылы, 102, Корпус СДПСО, 310 кабинет, телефон: 29-80-07
е-mail: GamulinaVV@ulba.kz, ShumakbaevaMD@ulba.kz.