Бизнес және Кәсіпкерлік Мектебінің «Экономика» мамандығының 3 курс студенті Ақмарал Ермұханбетова Конрад Аденауэр атындағы қордың Sur-Place жергілікті стипендия-грантының иегері атанды.
Sur-Place стипендиясы арқылы Конрад Аденауэр атындағы қор жастарға толықтай өзін оқуға және саяси әрі қоғамдық өмірге белсене араласуына мүмкіндік бере отырып, талантты жастарға қолдау көрсетеді.
Конкурсқа Қазақстанның әр өңірінен 600-ден астам үміткер қатысып, соның ішінде жаңа 32 стипендиат іріктеліп алынды.
Стипендияны тағайындау туралы сертификаттар 27-29 сәуір аралығында «Жастардың заманауи әлемдегі еңбек нарығындағы мүмкіндіктері» атты семинары аясында Астана қаласында салтанатты түрде табыс етілді.
БжКМ