Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-не магистратура бағдарламасы бойынша құжаттарды қабылдау және емтихан тапсыру аяқталды. Қабылдау жұмыстары университеттің үш факультетімен және магистратураның 33 мамандығы бойынша жүзеге асырылды.
Осы жылы гранттар саны 241 құраса, олардың ішінде 185-і ИИДМБ-2 бағдарламасы бойынша және 56-ы мемлекеттік тапсырыс бойынша, оның ішінде, ИИДМБ-2 бағдарламасымен «Машина жасау» мамандығы бойынша 63 грант болса, «Металлургия» мамандығы бойынша 57 грантты құрап, төмендегі инновациялық мамандықтар жиынтығын жүзеге асырады. Олар:
- Автомобиль және тау-кен техникасын өндіру бойынша инжиниринг және инновациялар;
- Машина жасаудағы киберфизикалық жүйелер;
- Робот жасау техникасы және механотроника;
- Түсті, сирек және шашыраңқы металдарды алудағы инновациялық технологиялар;
- Тау-кен металлургия саласындағы инжиниринг және жобалау.
Құрметті магистранттар! Сіздер еліміздің индустриалды-инновациялық экономикасын дамытуда өз үлесін қосатын талантты ғалымдардың қатарын толықтыратындарыңызға сенім артамыз.
Сіздерге шығармашылық табыс және жаңа жетістіктер тілейміз.
Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің баспасөз қызметі