2014 жылы 15 ақпанда Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университет Республикалық мемлекеттік кәсіпорыны және президенті Такаши Камей Киото Ньютроникс Лтд., компаниясы арасында ынтымақтастық туралы келісім шарт жасалды. Екі жақ бірлесіп және келісіліп торий энергетикасын дамыту бойынша жұмысты атқаруды келісті.
Аталмыш келiсiм шарттың қызмет заты болып осы келiсiм шеңберлерiндегi жақтардың ынтымақтастықты жүзеге асыруына қатысу болып табылады және бiрлескен ғылыми зерттеулердi өткiзуде, көрмелерге қатысуда, осы бағыт бойынша ақпаратты ғылыми басылымдар және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау арқылы таратуда, торий реакторының макетін жасау және оларды көрсету кезіндегі консультациялық, техникалық, ұйымдастыру өзара көмегiнiң көрсетуiнде, сонымен бірге бастапқы материалдарды беруде байқалады.