Осы өмір жолында барлығымызға қатысы бар мерекелер болады. 1 қазан күні сол мерекелердің бірі Қарттар күні мейрамын тойлаймыз. Аталған күні, аға буын өкілдеріне тиісті құрмет көрсетіп, еліміздің дамуы мен құрылуына орасан зор еңбек етіп, ерлік жасаған жандарға алғысымызды білдіреміз.

1 қазан күні біздің университет те Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің ардагерлерін де назардан тыс қалдырмады. Биылғы жылы университет ұжымы аға буын өкілдеріне тамаша концерттік бағдарлама дайындап, түскі ас ұйымдастырды.

Құттықтау сөздерімен ОӘжТЖ жөніндегі проректордың м.а. Н. Линок және Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің ардагерлер кеңесінің төрағасы Л.Сергиенконы тыңдады. Профессорлар қауымы, атап айтсақ, Ю.Баталов, Б.Дьячков, кітапхана ардагері Б.Жұманазар және тағы басқа ардагерлер университеттің басшылығына алғысы мен жылы сөздерін жеткізді.

Құрмет пен мейірім мерекесіне университет ректоры Жасұлан Шаймарданов барлық ардагерлерді ақшалай сыйақымен марапаттады.

Осы күні ардагерлердің сүйікті әндері ойналып, университет студенттері адагерлерге шын көңілдерімен жылы лебіздерін білдірді.

Ардақты ардагерлеріміз өздерін жылы қарсы алып, көрсетілген құрметке марқайып, алғыстарын білдірді. Тамаша концерт үшін студенттер шығармашылығының бөліміне ризашылығын жаудырды.

Мерекелік күн облыстық драма театрында барлық ардагерлер үшін ұйымдастырылған тегін спектакльмен жалғасын тапты.

Барлық ардагерлерге жан жылуын, жақындарының қолдауын, денсаулық және ұзақ ғұмыр тілейміз!