1 мамыр күні Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ студенттері, оқытушылары мен қызметкерлері Қазақстан халқының бірлігі күніне орай өткізілген мерекелік шеруге қатысты.

Қала тұрғындары мен қонақтары, іс-шара қатысушылары мерекелік шеру қатысушыларын құрметпен, әрі ду қол шапалақпен қарсы  алды.

Университет өкілдері бұл достық, түсіністік пен келісім мерекесінің еліміз үшін аса үлкен маңызы бар екенін жеткізді.

Айта кету керек, Қазақстан халқының бірлігі күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Бұйрығына сәйкес 1996 жылдан бері атап өтілуде. 130-дан астап ұлт өкілін өз шаңырағы астында біріктірген Қазақстан үшін бұл  ерекше ыстық мерекке екені сөзсіз. Бұл – Қазақстан жерін мекендейтін түрлі этнос өкілдерін біріктіре түсетін мереке.

Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ Баспасөз қызметі