Ұлыбритания-Қазақстан 9-шы үкіметаралық комиссиясы жұмыс сапарының үшінші күнінде University of Reading және University of Warwick-те болдық. Тұманды Альбион еліндегі қос университетті тамашалап, материалды техникалық базасымен, ғалымдардың зерттеу жұмыстарымен таныс болдық.

1892 жылы Оксфорд университетінің қосымша колледжі ретінде ашылған Рединг университетіне 130 жылдан асты. Университеттің Ұлыбританияда 4 және Малайзияның Искандар Путери қаласында бір кампусы бар. Ал ағылшын университеттері арасында орында тұрған Уорик университеті көптеген мемлекеттік бағдарламалармен серіктестік құрды. Ұлыбританияның экс-премьер-министрі бұл университетті «Британдық университеттер арасындағы шамшырақ» деп бағалаған. Уорик - Нью-Йоркте орналасқан және Нью-Йорк университеті мен NYU-Poly басқаратын университеттер мен технологиялық компаниялардың халықаралық консорциумынан тұратын қолданбалы ғылымдар ғылыми-зерттеу институты-қалалық ғылым және прогресс орталығына қатысатын жалғыз еуропалық университет.

Бұдан бөлек, Coventry University-інде британдық жоғары оқу орындары басшылары мен қазақстандық делегацияның отырысы өтті. Кездесу барысында екі тарап серіктестік, ынтымақтастық мүмкіндіктері мен ғылыми тәжірибелер, екі ел ғалымдарының қызығушылығы аясындағы бірлескен зерттеулер мүмкіндігі, Орталық Азияны тану сұрақтары талқыланды.