Бизнес және кәсіпкерлік мектебінде 13 сәуір күні «Ғылым апталығы» аясында серіктес университеттерден шақырылған профессорлар, мектептің оқытушылары, студенттері мен магистранттары қатыстырылған іс-шаралар өтті. Іс-шаралардың негізгі мақсаты жас ғалымдардың, магистранттар мен студенттердің ғылыми зерттеулер жүргізуге қызығушылығын арттыру, сондай-ақ, оларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына, түрлі ғылыми конференциялар мен форумдарға қатысуға ынталандыру болып табылды.
Посткеңестік кеңістікте «жасыл экономиканы» енгізудің өзекті мәселелерін зерделеу мақсатында; «Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру кезеңдері мен нәтижелерін талдау; бизнесті дамытудың негізі ретінде жасыл қаржыландыру және жасыл энергетика перспективаларын анықтау мақсатында «Посткеңестік кеңістікте жасыл экономика принциптерін енгізудің өзекті мәселелері» тақырыбында онлайн және офлайн режимде дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел жұмысына: «С.Ю. Витте атындағы Мәскеу университеті» жеке меншік жоғары білім беру мекемесі (ЖМЖБМ) өкілдері, Шығыс Қазақстан облысының жоғары оқу орындары, экономиканың, экологияның түрлі салаларындағы сарапшылар, ШҚТУ магистранттары мен студенттері қатысты.
Дөңгелек үстелді БжКМ деканы А.М.Закимова ашып, мектептің негізгі ғылыми жобалары, университеттегі жасыл экономика апталығы туралы және осы апталық аясында жоспарланған іс-шаралар туралы баяндады.
Мектеп профессоры Варавин Е. В. «ҚР-ның "жасыл экономикаға" көшуі жөніндегі тұжырымдаманы» іске асыру, ESG-күн тәртібінің өзектілігі, жасыл қаржыландыру нарығын дамытудың өзекті мәселелері, энерго тиімді өндірістік технологияларға инвестициялардың перспективалары туралы" негізгі нәтижелерін көрсетті.
ЖМЖБМ «С.Ю. Витте атындағы Мәскеу университетінің» ғылыми жұмыстар жөніндегі проректорының орынбасары Лужикова Елизавета Александровна өз баяндамасында шикізат экспортының моделінен тұрақты дамуға көшудегі «жасыл экономиканың» шешуші рөлін, әлемдік нарықта Ресейдің бәсекеге қабілеттілігін және халықтың өмір сүру сапасын арттыруды қарастырды. Бүгінде Ресей өндірісті «жасыл технологияларға» көшіруге қаншалықты дайын?
«Жасыл экономикаға» көшу мәселелерін дөңгелек үстелде талқылау барысында республиканы электрмен қамту мәселесі қарастырылды. Жиынға қатысушылар өңір экономикасының энергетикалық және экологиялық тиімділігін арттыру, ресурстардың барлық түрлерін ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
Жұмыс қорытындысында қатысушылар «жасыл экономика», жасыл қаржыландыру, жасыл энергия қағидаттарын енгізу перспективаларын талқылады.
Мектептің профессор-оқытушылар құрамы, жас ғалымдары, магистранттары мен студенттері университеттің 65 жылдығына арналған «Қазақстанның инновациялық дамуындағы жастар шығармашылығы» атты жыл сайынғы конференциясының «Қоғамның инновациялық дамуының экономикалық және басқарушылық мәселелері» секциясының отырысына қатысты. Секция шығармашылық, достық жағдайда өтті, секцияға қатысушылар қазіргі заманғы тәжірибемен, экономикадағы және кәсіпорынды басқарудағы өзекті, теориялық және практикалық мәселелермен танысуға мүмкіндік алды.