2023 жылы қыркүйектің 15-20 аралығында Тілдер құзіреті орталығы университетте Еңбек күніне арналған «Менің таңдауым – менің мамандығым» эссе байқауың ұйымдастырды.
Заманауи зерттеулер көрсеткендей, сүйікті ісімен айналысатын бақытты адамдардың пайызы уақытының көп бөлігін демалуға жұмсайтын бақытты адамдардың пайызынан жоғары. Өмір бойы сүйікті ісің болатын мамандықты таңдау өте маңызды.
ШҚТУ студенттері өздерінің мамандық таңдауына саналы түрде жақындап, бұл туралы эсселерінде айтты. Металлургтер мен кеншілер, ақпарат мамандары мен жерге орналастырушылар, жобалаушылар мен құрылысшылар өз мамандығын таңдауды анық әрі дәлелді негіздеді.
Қазақ тіліндегі эсседе бірінші орынға 22-ГДК-1 тобының студенті Әділ Ақбота Әділқызы иеленді, екінші орынға -21-БУ-1 тобының студенті Исаева Мадинаға берілді. Орыс тілінде жазылған эсселерде орындар келесідей бөлінді: 1 орын - 21-БФ-1 тобының студенті Зырынова Татьяна, 2 орын - 23-ДАК-1 тобының студенті Өмірзақов Жігер Нұрланұлы. Ұйымдастырушылар – Г.Б. Асавбаева, Д.С. Сурова, С.К. Ережепова.