ДАМУДЫҢ БІРЕГЕЙ КЕҢІСТІГІ

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректоры Жасұлан Шаймарданов пен Ұлан ауданының әкімі Дәулет Батырбаев ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Сағыр ауылында Қазақстанда бүгінгі білім берудің мазмұнын жаңартудың көкейтесті мәселелерін жан-жақты талқылаған көшпелі семинар өтті. Оған Ломоносов, Горький, Амангелді, Қ.Қайсенов атындағы мектептердің мұғалімдері қатысты. Онда ең маңызды мәселелер жөнінде пайдалы пікір алысылды.

Мемлекет басшысы «Ұлт жоспары-қазақстандық арманға жол» атты мақаласында жоғары дәрежелі ғылыми-техникалық зиялы инженер кадрларын даярлау міндетін қойды, мұндай кадрларды тек жоғары мектеп тәрбиелей алады.

-Адам капиталы-табыс пен дамуға бастайтын ең басты нәрсе, - деді Ұлан ауданының әкімі Дәулет Батырбаев.-Сондықтан бүгін меморандумға қол қойылуына зор маңыз береміз. Ол техникалық университетпен біздің өзара тиімді ынтымақтастығымыздың бастауы болып отыр

Әлем қатал бәсеке жағдайында дамып отыр. Жаңа ғаламдық жағдайға біз нақты мүмкіндіктеріміз негізінде іс-қимылдың толыққанды стратегиясын қарсы қоюымыз керек. Қазақстанның дағдарысқа қарсы мүмкіндіктері қандай? Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауында Қазақстанда экономикалық өсудің драйверлері инновациялық индустрияландыру аясында құрылатын экономиканың жаңа секторлары болатыны айқын баяндалған.

Осындай жағдайда қазақстандықтардың экономикалық әрекеті өзгереді. Ал Қазақстанның дағдарысқа қарсы басты стратагемасы өсімге, реформаларға, дамуға бастайды.

- Қазақстандық дамудың негізгі бағдары, - деді Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ректоры Жасұлан Шаймарданов, - бес институциалдық реформаларды жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам-Ұлттық жоспармен біте қайнасып жатыр. 76 қадамды орындау аясында Экономикалық ынтымақ және даму елдері стандарттары негізінде адам капиталы сапасын өсіру, 12 жылдық білім беруді сатылап енгізу, ауданда озат мектептерді ынталандыру жүйесін жасау керек.

Техникалық университеттің басшысы ауданның 34 мектебінің инфрақұрылымын дамытудың, жаңғыртудың, интернет-ресурстарды, қашықтықтан оқытудың тиімділігін арттырудың нақты параметрлерін атап көрсетті. 

Ауданның 4 мыңнан астам ұстаздарының біліктілігін жоғарылату оқушылар мен мұғалімдерге қашықтықтан кеңес беруді ұйымдастыру ерекше қамқорлықта болуы тиіс. 77 қадам аясында Ұлан ауданының мектеп бітірушілері Қазақстанның үздік он ЖОО-ларының бірінде экономиканың алты негізгі салалары үшін жоғары кәсіптенген маман болып қалыптасуы маңызды.

Қазақстан билингвизмнен өзінің дамуының жаңа сатысына-көптілділікке көшуде, 79 қадамды жүзеге асыру жөнінде жоғары мектепте және ЖОО-ларда бірқатар пәндер бойынша сатылап ағылшын тілінде оқыту көзделуде. Бұл тұста Ұлан ауданының барлық мектептері қамтылуы үшін үлкен күш салу қажет.

Білім берудің ең көкейкесті мәселелері төңірегінде кеңінен пікір алмасылды. Шағын комплектілі мектептерде сағаттардың және мамандардың жетіспеушілігінен қос мамандық орын алып отыр. Дипломы барлардың жұмыссыздығы, грантпен бітірген түлектер мамандығы бойынша жұмыс таба алмайды. Таланттылар мен нашар қамтылғандарға атаулы гранттар. Мектеп бітірушілерді бірыңғай ұлттық тестілеуге әзірлеу мәселесі...

ЕДИНОЕ ПРОСТРАНСТВО РАЗВИТИЯ ЕДИНОЕ ПРОСТРАНСТВО РАЗВИТИЯ

Жасұлан Шаймарданов ең күрделі мәселелерді шешу жөніндегі айқындамаларды жан-жақты түсіндірді

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың баспасөз қызметі