Дидар Мұратұлы – Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Ақпараттық жүйелер саласындағы Технологиялар құзіреті және трансфер орталығы бас инженері, Ақпараттық технологиялар және зияткерлік жүйелер мектебінде аға оқытушы. 2018-20 аралығында ШҚТУ-да машина құрастыру мамандығы бойынша білім алып, техника және технологиялар магистрі академиялық дәрежесін алды. 2020 жылдан бері ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша докторантурада білім алуда.

Дидар Мұратұлы әріптестерімен бірге VR технологиямен тығыз байланысты жобаларды жүзеге асыруда.

«Қазіргі таңдағы ең үлкен жобамыз – ІТ хаб ашу. Астана ХАБ филиалы. Мамыр айына дейін жүзеге асырамыз деген жоспар бар. Бұл Шығыс Қазақстандағы ІТ саласының майталмандарын топтастыратын алғашқы ұйым десек болады. Біз балаларды бағдарлама тіліне қызықтырып, үйретіп, олардың бизнес идеяларын жүзеге асыруға қолғабыс боламыз», - дейді инженер.

2016 жылдан бері Қасым-Жомарт Кемелұлының нұсқауымен ел-елде 9-11 сынып оқушыларына арналған ІТ сыныптар ашыла бастады. ІТ маманы ретінде Дидар Мұратұлы бұл бастаманың нәтижесі бүгін білініп келетінін айтады.

«Болашағымыз бар. ІТ сыныптарда білім алып, жеке қызығушылықтарымен толағай табыстарға жетіп жатқан оқушыларды көреміз. 1-2 курста оқып жүріп-ақ, күткен үмітімізді артығымен ақтап жүрген жастарымыз бар» - дейді оқытушы.

Дидар Мұратұлы әріптестерімен бірге 1-2 курс студенттерді қалалық, облыстық, республикалық жарыстарға, хакатондарға дайындап, жоғары нәтижелер көрсетуде. «Жастарға ең бастысы сенім арту керек» - дейді маман.