Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ магистратура бітірушілеріне оқу және әдістемелік істер жөніндегі проректор Николай Линок және факультеттер декандары салтанатты түрде 219 дипломды тапсырды. Олар университет ректоры Жасұлан Шаймарданов және бүкіл ЖОО ұжымы атынан магистрлерді өмірдің осы мәнді де маңызды сәтімен құттықтады.
- Бүгін Сіздер үшін де, университет үшін де ерекше күн, - деп атап өтті Николай Николаевич. - Сіздер Қазақстандағы алдыңғы қатарлы ЖОО болып табылатын оқу орынның магистратурасында оқуды табысты аяқтау жөнінде куәландыратын құжатты қолдарыңызға алдыңыздар! Сіздер тамаша білім иесі болдыңыздар, болашақта әрқайсыңызды сан-алуан мүмкіндіктер күтуде, және де міндетті түрде жоғары білікті мамандар болуға лайықсыздар!
Факультеттер декандары да жылы лебіздерін білдіріп, құттықтау сөздер айтты. Олар өз түлектерін мақтан тұтатынын айта кетіп, оларды докторантурада оқуды жалғастыруға шақырды.
Магистрлер өз тарапынан оқытушыларға және ШҚМТУ басшыларына оқу жылдары сіңірген еңбектері үшін алғыстарын білдіріп, туған университетімен байланысын үзбей, көмек көрсетіп тұруға сөз берді.