Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да бірінші болып Елбасының 2017 жылда халыққа жолдауын талқыға салу үшін ғылыми кеңесі жиналды. 31 қаңтардың бірінші жартыкүнінде басшылықпен бірігіп, кеңейтілген отырыс бойынша ғылыми кеңес өз жұмысына кірісті. Мұндай жедел ұйымдастыру кездейсоқ емес. ШҚМТУ ректоры Жасулан Шаймарданов атап өткендей, жолдаудың негізгі бөлігі бізге қатысты. Яғни, білім және ғылым саласында еңбек етіп жүргендерге.
Негізгі базалық пункттерін талқылағаннан кейін мамандар өз ұсыныстарын білдіреді. Талқылаудан кейін 3 күн ішінде жолдаудың негізгі барысын жүзеге асыру бойынша жол картасы жасалынады.
- Өздеріңіз біліп отырғандай, үшінші модернизация бойынша басым кілттік приоритеттерінің бірі экономиканың жылдам технологиялық жаңаруы екенін Президент айқындаа берді-, деді университет жетекшісі. – Сөзсіз, аталған бағыт бойынша негізгі орындаушылар біз боламыз. Өндірістік және басқа да кәсіпорындармен біріге отырып, біздің университет Қазақстан экономикасының осы приоритетін нығайтып, дамытатын болады.
Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ баспасөз қызметі