Президент сайлауы – ел үшін елеулі сәт. Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде сайлау күніне байланысты білім беру мектептерінің декандарымен кездесу өтті. Университет ректоры Рахметуллина Сәуле Жәдігерқызы белгіленген күні сайлауға қатысудың маңыздылығын баса айтты.

Естеріңізге сала кетейік, жоғары оқу орнының қабырғасында да сайлау учаскесі жұмыс істейді. Айтулы күні азаматтық ұстаным танытып, таңдау жасау, ел үшін ерекше маңызға ие. Әсіресе, алғашқы рет азаматтық санатқа қосылған, алғашқы рет сайлауға қатысқалы отырған жастардың санасында дұрыс, әрі, толыққанды түсінік қалыптасуға тиісті.

Геосаяси шиеленіс, экономикалық тұрақсыздық белең алып тұрған шақта ел ертеңіне сеніммен қарауға тиісті. Сондықтан, әрбір қазақстандық дұрыс таңдау жасауы абзал.

Сәуле Жәдігерқызы университеттің зиялы қауымымен кездесу барысында, жоспарланған сайлауға барлық азаматтар мен азаматшалардың қатысатынына сенім білдірді.