Осындай тақырыпта 23.11.2018 ж. 5В070400-Есептеу теxникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығы бойынша білім ауға келген 18-ВТК-1, 18-ВТТК-1 топтарында кураторы – Нұрсадықова Роза Қанашевнаның ұйымдастыруымен "Ел боламын десең, бесігіңді түзе" тақырыбында ашық кураторлық сағат болды. Негізгі мақсат, енді ғана студент атанып, университет қабырғасына келіп отырған 1-курс студенттерін бауырмалдыққа тәрбиелеу, бір-біріне қамқор болуға үйрету.
Халықтың ғасырлар бойы іріктеп, жинақтап алған озық тәжірибесін, дүниетанымын, өмірге деген көзқарастарын оңды-солын танып үлгермеген жастардың бойына сіңіру, соған сай мінез-құлықтарын қалыптастыру. Әл-Фараби айтқандай, "Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы" деп айтып кеткендей, мектепті енді ғана бітіріп, жоғары білімді азамат атануға келген болашақ мамандарды кураторлары екінші аналарындай қарсы алып, тәрбиелеп, қолдарынан келгенше көмектерін аямайды. Сондай кураторларымыздың бірі, Роза Қанашқызы 30 жылдай еңбек еткен уақытында қаншама саналы ұрпақтарды тәрбиелеп шығарды. Өзінің кураторлық жауапкершілігін жоғары дәрежеде орындайтығын әртүрлі конкурстарға қатысып "Лучший куратор вуза" номинациясын бірнеше рет жеңіп алуымен дәлелдеген. Сабақтың барысында студенттер белсенді түрде қатыса отырып, ашық түрде, жасқанбастан өз пікірлерін білдірді. Сабаққа қатысқан оқытушылар да жақсы әсер алып қана қоймай, осындай тәрбиелік маңызы бар ашық сабақты топ төңірегінде ғана емес, факультет төңірегінде, жатақxанаға барып өткізсе және жаңадан тағайындалған жас кураторлармен тәжірибе алмасу жүргізсе деген өздерінің өтініш-тілектерін жеткізді.
Тақырып төңірегіндегі осы топтың студенті Сайранбекова Ақеркенің көзқарасы:
«Ел боламын десең бесігіңі түзе» - бұл тақырып қазіргі таңда, 21 ғасырда, өзекті тақырыптың бірі болып отыр. Бұл тақырып көп ауқымды мəселелерді қамтиды. Мөңке би «Заманына қарай адамның» кебін кидік пе, әлде, «Тәртіпке бағынған құл болмайды» деген сөзін естен шығарып алдық па, әйтеуір, қазіргі таңда үйдегі тәртіп пен түздегі тәрбие жағы ақсаңдап тұр.
Кезінде Мөңке биіміз болжаған заман ақыр туды ма:
Домалақ-домалақ дәрің болады,
Жастарға билігі жүрмейтін кәрің болады.
Ертеңіне сенбейтін күнің болады,
Бетіңнен алып түсетін інің болады.
Алашұбар тілің болады,
Дүдәмалдау дінің болады
бұл сөздердің бəрі 21 ғасыр жастарына тура айтылған деп ойлаймын. Жастардың көбі қазір телефонға, ғаламторға тəуелді. Онсыз бір күн де, бір күн тұрмақ бір минут та шыдай алмайды. Бұның бəрі адамның тəрбиесіне, сана-сезіміне, адамгершілік қасиеттің төмендеуіне əкеп соғады. Сондықтан да телефонды бір сəтке қоя тұрып, айналамызға саналы түрде қарап, отбасымыздан, ұстаздар мен қоршаған ортамыздан алып жатқан тəрбиемізді іс жүзеге асыруымыз керек. Дос көрмей, шынайы махаббатты сезінбей, еңбекпен тауып тапқан нанның тәтті екенін білмей өткен өмір, өмір ме? Қыздың атын шығаратын оның жасанды ажары емес, қыздың анадан көрген тәрбиесі, жүрісі, тұрысы деп ойлаймын. Қазіргі біз жастардың салт-дәстүрді білмейтініміз былай тұрсын, мінезге де жарымаған сияқтымыз. Ер балалардың барлығы демеймін, бірақ ішін-ара ұсақталып ұрысқа сақадай сай тұратын, қиындық туа қалса, жігерлері жасып, қайратына қайта мінер қайсары таусылып, ішімдікті жолдас көріп, солармен сырласатындар кездесіп жатады. Ананың айтқанын ақыл демей, әкенің айтқанын елемей, «өзім білемге» салып, білгенін істеп жүрген жүрісі сол қазіргі жастардың іс-əрекеттері.
Теңгенің екі жағы болғандай, еліміз тек қана осындай жастарға толы емес. Өнегелі отбасынан шыққан, тəрбиелі, білімді, патриотты жастарымыз қаншама. Жас болса да алынбайтын қамалдары жоқ. Биік дəрежеге жетіп, еліміздің беделін көтеріп жүргендер қаншама. Əрбір жасаған іс-əрекеттері пайдалы. «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен», - деп текке айтылмаған, сондықтан да əрбір адам жақсыға үйреніп, Абай атамыз айтқандай «Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан», - деген сөзін естен шығармауымыз керек деп ойлаймын.
«Жас өспей ме, көкейіңді теспей ме?», - дейді. Бүгінгі бала – ертеңгі жас азамат. Еліміздің болашағы, сол болашаққа алып барар келешектің тұтқасы жастардың қолында екенін Елбасымыздың өзі де халыққа жолдауында айтқан болатын. Ендеше, Мұхтар Омарханұлы Әуезов айтпақшы: «Ел боламыз десек, бесігімізді түзейік».
Ақпараттық теxнологиялар мектебінің кураторы Аубакирова Д.М.