27-29 маусым аралығында IT, өнеркәсіп және консалтинг және басқа да салаларда өз қызметін жүзеге асыратын 22 ірі қазақстандық жұмыс берушілердің қатысуымен «Электрондық еңбек биржасы» порталында Бос орындар жәрмеңкесі өтеді.
Трансляция Youtube каналында жүзеге асырылады, оған сілтеме Enbek.kz. порталында орналастырылды.
Іс-шара өңірлерден 18-35 жас аралығындағы кез келген қазақстандықты жұмысқа орналастыру үшін мүмкіндіктер ашады.
Бос орындар жәрмеңкесіне қатысу үшін порталда тіркелу талап етілмейді, бүгіннен бастап порталға кіруге болады. Өіңізге ұнайтын бос жұмыс орындарын таңдаңыз.
Ол үшін порталдың басты бетінде «Онлайн бос жұмыс орындар жәрмеңкесі» баннерін басу қажет, содан кейін сол жерде мәлімделген бос жұмыс орындарымен танысуға болады. Қызығушылық танытсаңыз өз түйіндемеңізді бекітуіңізге болады немесе үлгісін толтырасыздар.
Жәрмеңке өтетін күндері үміткерде «бейне әңгімелесуден» өту мүмкіндігі болады, ол үшін түйіндемені толтыру кезінде тиісті белгіні қойып, оны алдын ала жіберу қажет.
Жәрмеңке алаңында Қазақстанның жетекші жұмыс берушілері онлайн-таныстырылым өткізіп, өздерінің компаниялары, жұмыс шарттары және қолда бар әлеуметтік топтамалар, ашық бос жұмыс орындары, жұмысқа орналасу ерекшеліктері және т.б. туралы айтып береді.
Информация о работодателях, участвующих в ярмарке, и их вакансиях