2017 жылдың қаңтары мен наурызы аралығында Өскемен қаласының орта мектептері мұғалімдеріне арналған тегін курстар өтті. Бұл, университеттің «Өрлеу» БАҰО АҚ және АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің ағылшын тілі бағдарламалары кеңсесімен бірлескен жобасы.
Сабақтарды ағылшын тілінің оқытушысы, АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің ағылшын тілі бағдарламалары аймақтық кеңсесінің English language Fellow бағдарламасы бойынша университетте жұмыс істейтін - Стефани Корвин өткізді. Қорытындысында, орта мектептер мұғалімдері мен бала бақшалар қызметкерлері, жалпы саны 11 адам тілдік біліктіліктерін арттырып, курсқа қатысқаны және сәтті аяқтағаны үшін сертификаттарға ие болды.
Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ, кең көлемде әрекеттестік, коммуникация, қазақ, орыс, ағылшын тілдері құралдары арқылы білім және ғылыми зерттеулерді таратуда университет–форум, кеңістік ретінде жағдай жасауда.