26 қазан күні бұл тақырыппен, «ШҚО бойынша 2022 жылдың аулдық үздік мектебі» атауының иегері, Жұбандық Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейінде әскери-патриоттық сабақ өткізілді.

Кездесу Ұлы Отан соғысының батыры, Самар ауданы Құлажорға ауылының тұмасы Қалиев Адайқан атамызға арналған.

Шараның ұйымдастырушылары: Көкпекті аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі, Самар ауданының мұрағаты және Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейі. Шараға Самар ауданының оқу бөлімінің өкілдері, Самар ауданы  мектептерінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдері, мектеп-лицей мұғалімдері мен оқушылары қатысты.

Білім орданың басшысы Б.К. Багисова қонақтарды жылы қарсы алып, мектеп-лицейдің кабинеттерің көрсетіп, оқушылардың, ұжымның жетістіктерімен таныстырды.

Кездесу басында Еліміздің әнұраны орындалды.

Шараға қатысушылар жас сарбаздардың әскери дайындығының деңгейіне назар аударды.

Мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы, бөлімше командирі, Калиевтар ағайындарының неменесі Саветқан Эльдар 10-11 сыныптардың оқушыларың сапқа турғызып, Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Асылбек Қалиұлына рапорт берді.  

Самар мектеп-лицейінің оқушылары, мұғалімдерінің қолдауымен, арнайы концерт бағдарламасын дайындады: қыздардың биі, хормен айтылған ән, өлен, слайд-шоу. Өз шеберлігін (АК-74  автоматың бұзу және жинақтау) кадет сыныбының өкілдері көрсетті.

Шараға қатысышылардың ерекше назарында, жас сарбаздардың  көздерін жауып жағдайда АК-74 автоматың жартылай бұзып және жинақтау болды.

Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ гуманитарлық білім беру факультеті Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасының аға оқытушысы К.С. Калиева «Ұлы Отан соғыс  батырларын  іздеу тәжирібесінен» атты баяндама жасады. Соғыс кезінде қаза болған Калиевтар әулетінің ағайындылары: Адайқан, Зейнелғабыл, Сейілхан, Қабидолда Аталарын іздеу тарихы баяндалды.

Өкінішке орай, жергілікті әскери бөлімшелердің архивтерінде - Самар-Көкпекті аудандық бөлімі және ШҚО қорғаныс департаментінде - Ұлы Отан соғысына аттанған жауынгерлердің тізімдері сақталмаған екен.

Бірнеше жылдардағы ізденіс сәтті аяқталды. Адайқан атаның Псков облысы Великие Луки ауданы Бор ауылындағы жауынгерлер зиратында жерленген мәлеметі Ресей Федерацияның Қорғаныс министрлігінің электрондық архивінде (https://obd-memorial.ru) табылды.

Ресейдегі Псков облысы Псков мемлекеттік университеті, Великие Луки қаласындағы Лукиград жобасының командасы, Великие Луки аудандық әскери бөлімі, Шелков болысының әкімшілігінің қолдауымен жауынгерлер зираттың мемориалдық тасына Адайқан атамыздың және онымен жаулармен шайқасқа бірге шыққан 19 жауынгердің есімдері жазылған. Осы мәлеметті және жауынгерлер зиратының фотосүреттерін 2022 жылдың Жеңіс күні Калиевтар әулетіне Лукиград жобаның командасының өкілі Владимир Маркелов (Великие Луки қаласы) жіберді.

Шараға қатысушыларға Әкесінің аманаты туралы, Адайқан атаның әскери зираттың басына бару жолы туралы, туған жерден топырақ апару, зират басында қаза болған аруақтарға құран бағыштағаны туралы немересі - ШҚО цифрландыру және архивтер басқармасы «Самар ауданының  мемлекеттік архиві» КММ директоры Толоубек Саветқанұлы Калиев айтып беріп, сұрапыл соғыста зардабы тимеген отбасы жоқ деп, жас ұрпақты ешқашан ешкімді ұмытпауға шақырды.

Псков облысы үшін шайқасқан Кеңес Одағының батырлары М.Маметова және Ә.Молдағулованың жерленген зираттарына тағзым етіп, барғаны туралы айтып берді. Адайқан ата Әлия апамызбен бір әскери бөлімде –  54-ші дербес атқыштар бригадасы құрамында болды.

Мектеп-лицейінің оқушылары 80 жылдан соң Батыр атамыз табылғаны туралы тарихын мұхият тындап, қазақ тілінде «Журавли» (Р.Гамзатов, Я.Френкель, қазақ тіліне аударған Жарқын Хамидуллина (Астана қ.) айтты.

Самар орта мектеп-лицейінің кітапханасына Ұлы Отан соғысының тарихы туралы кітаптар, Еліміздің тарихына арналған конференцияардың материалдар жинақтары табысталды.

К.С. Калиева мектеп-лицейінің түлектерің еліміз бойынша техникалық университеттер арасында алдынғы қатарлы, алты оңжылдықтан асқан тарихы бар – Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетіне оқуға шақырды. 

Калиевтар әулеті кездесудің ұйымдастырушыларына, Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектеп-лицейіне жас ұрпақтың Отан, Елім, Жерім, Ұлтым, Қазағым, Тілім, Туған тарихым сезімдерін қалыптыстыруға, білімі жетік ұрпақты тәрбилеуде үлес қосқанына өз алғысын білдіреді.

Ұлы Отан соғыстың майдандарында, тылдағы еңбегімен Жеңіске жол салған ата-әжелеріміздің ерліктері мәнгі есімізде !

К.С. Калиева
Қазақстан тарихы және ӘСП кафедрасы