«Алтай» технопаркінде «Өскемен ЭКСПО-2014» көрмесі болды. Ол VІІ Астана экономикалық форумының жалғасы еді. Мақсаты – ғылыми-техникалық жетістіктерді таныстыру, жаңа «жасыл» технологияларды енгізу, халықаралық экономикалық және ғылыми байланыстарды кеңейту.
Шараға Қазақстан үкіметінің мүшелері, депутаттар, он екі шетел өкілдері – Нобель сыйлығының лауреаттары, ірі бизнесмендер мен ғалымдар, дипломатиялық қызмет өкілдері қатысты.
Көрмеге 24 инновациялық жоба, оның ішінде ШҚМТУ-дың ғалымдарының жобалары қойылды. «Жасыл экономика – адамзаттың болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның пленарлық мәжілісінде осы жобалар жайлы сөз болды.
Конференцияға қатысушылар ғылымның перспективалы салаларында зерттеу жүргізіп жатқан жаңашыл зерттеушілерге барынша қолдау қажеттігін атап көрсетті.