БАҚ-та хабарланғандай, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ғылыми кеңесінің жуырдағы отырысында университеттің бірінші курсына түсетіндерге айтарлықтай демеу беретін жаңа жеңілдіктер жүйесі қабылданған-ды. Бұл жайт талапкерлер мен олардың ата-аналары тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Біз университетке келіп түсетін сұрақтарға барынша толық түсініктеме беруді қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы, техника ғылымдарының докторы, профессор Валентина Колпаковадан сұраған едік.
– Валентина Павловна, жаңа жеңілдіктер жүйесі қандай мақсатта әзірленді және қабылданды?
– Жеңілдіктер талапкерлер қабылдау сапасын арттыру мақсатында бекітілген. Олар ұлттық бірыңғай тестілеу мен талапкерлерді кешенді тестілеудегі жоғары нәтижелерді ынталандыруға бағытталған, балл неғұрлым жоғары болса, жеңілдік те соғұрлым көп болады. Болашақ студенттерді университет жанындағы колледжде, сондай-ақ, университетпен келісім бойынша жұмыс істейтін облыстың өзге колледждерінде оқуға да ынталандырылады. Қалай дегенмен де, аталған топ жоғары оқу орнында оқуға айтарлықтай жақсы дайындалған.
– Мұндай колледждер қатарына қандай оқу орындары енеді?
– Олар – Өскемен политехникалық, Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылық, Риддер аграрлық-техникалық колледждері, Семей көлік колледжі, Семей геодезия және картография колледжі, Семей геологиялық-барлау және Зырян аграрлық-техникалық колледждері және әрине, біздің университеттің жанындағы колледж.
– Ал ынталандырудың негізгі параметрлері қандай?
– Жекелеген талапкерге қатысты күндізгі оқытудың барлық жеңілдіктерін қосқан кезде-гі жеңілдіктердің жалпы көлемі 55 пайызға жетуі мүмкін. Бұл аз емес, онымен келісетін шығарсыз.
Жаңа жүйеде егер талапкерде ерекше үлгідегі аттестат немесе колледждің үздік дип-ломы бар болса, күндізгі оқытудың алғашқы жылы үшін төлемақының 45 пайыздық төмендеуі қарастырылған.
Ата-ана қамқорынсыз қалған болашақ
университет түлектері үшін 40 пайыздық жеңілдік бекітілген.
Университет жанындағы сегіз, алты айлық дайындық курстардың тыңдаушылары, ҰБТ-ға қашықтықтан дайындалған виртуалды институттың тыңдаушылары, сонымен қатар Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-мен келісімшарт бойынша жұмыс істейтін инженерлік және экономикалық сыныптары бар мектептердің түлектері жеңілдіктерге ие бола алады.
– Ынталандыру табалдырығы қандай деңгейден басталады?
– Тіпті ҰБТ мен ТКТ қорытындысы бойынша 55 балл және одан жоғары балл жинаған талапкерлердің өзі 20 пайыздық жеңілдікке ие бола алады. Одан әрі, жоғарыда айтып кеткеніміздей, жеңілдіктер пайызы жиналған балл санына байланысты өсіп отырады. Атап айтсақ, 80 балдан жоғары жинаған бала оқытудың бірінші курсы үшін 35 пайыздық жеңілдікке ие болмақ.
– Ауыл мектептерінің түлектері жеңілдік алушылар қатарына ене ала ма?
– Оларға сырттай оқудың бірінші жылы үшін төлемақы 15 пайызға төмендейді.
– Оқуды ары қарай жалғастырушылар үшін жеңілдіктер бола ма?
– Олар үшін келісімшарттарында көрсетілген төлемақы шарттары сақталады, сонымен қатар қосымша басқа жеңілдіктер жүйесі әрекет етеді.
– Аталмыш жеңілдіктер жүйесі сырттай бөлімге түсушілерді қамти ма?
– Иә, олар үшін де жеңілдіктердің жекелеген параметрлері әзірленген, аталған жеңілдік-
тер оқудың күндізгі бөліміне түсушілерге арналған жеңілдіктерден сәл өзгеше.
– Валентина Павловна, осы жеңілдіктерді пайдалану үшін күндізгі және сырттай түрдегі ақылы оқуға өтінішті қай мерзімге дейін беруге болады?
– Біз талапкерлерді университеттің қабылдау комиссиясына 25-тамызға дейін құжат тапсыруға шақырамыз.
Құрметті талапкерлер! Егер сізде сұрақтар болса, мына мекенжай бойынша келуіңізге болады: Д.Серікбаев көшесі, 19 (Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың бас ғимараты). Сіз сонымен бірге төмендегі телефондарға қоңырау шала аласыз: 54-13-09, 54-03-54, 54-02-85. E-mail: center@ektu.kz, pgk12@rambler.ru және /matriculant.aspx.