6 сәуірде жас мамандарды жұмысқа орналастыру жөніндегі дәстүрлі акция болып өтті.

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың колонна залындағы техникалық университеттің 1000-нан астам түлектері және аймақ пен республиканың 56 өнеркәсіп орындарының 114 өкілінің кездесуі жас маман мен жұмыс берушінің тиімді өзара әрекетінің басы болды. Мониторингтің деректеріне сәйкес университет түлектерінің жұмысқа орналасу деңгейі 80 % -дан жоғары екен.

ЯРМАРКА СПЕЦИАЛИСТОВ ВКГТУ – 2016 ЯРМАРКА СПЕЦИАЛИСТОВ ВКГТУ – 2016 ЯРМАРКА СПЕЦИАЛИСТОВ ВКГТУ – 2016

Танысу және әңгімелесу, ертеңгі маманның оқу үлгерімі туралы шынайы ақпарат ұйымдар мен кәсіпорындарға болашақ кадрларды сапалы іріктеуге мүмкіндік береді. 

Мамандардың биылғы жәрмеңкесінің қорытындысы бойынша 77 түлек кәсіпорындармен және ұйымдармен жұмысқа орналасу жөнінде келісім жасады. Бұл өткен 2 жылғыдан анағұрлым артық. 114 жас маман үшін әңгімелесу әлі алда. Университет түлектеріне «Казцинк» ЖШС, «Казгипроцветмет» ЖШС, « УК ТМК» АҚ, «Вницветмет» РМК ерекше қызығушылық танытып отыр.

ШҚМТУ-дың баспасөз қызметі