2016 жылдың 14 мамыр күні университет қабырғасында қаржы, есеп және аудит бойынша олимпиада өткізілді. Бұл шара «Қаржы, есеп және салық салу» кафедрасының оқытушылары, студенттері және жоғарғы оқу орнына дейін даярлау, университетке қабылдау және бітірушілерді жұмыспен қамту Басқармасының бірегей күштерімен орындалды.
Олимпиаданың негізгі мақсаты болып мектеп және колледж бітірушілерде шығармашылық қабілеттіктерін және қаржы, есеп және аудит қызметтерінде ғылыми-зерттеу қызығушылықтарын ашу және дамыту, дарынды балаларды қолдау үшін қажетті жағдайлар жасау, жастар арасында есепті-қаржылық білімінің түсінікті таралуын жүзеге асыру.
Олимпиадаға ҰБТ тапсыру үшін төртінші пән ретінде «География» пәнін таңдаған мектеп түлектері және экономикалық мамандықтар бойынша колледж бітірушілері қатысты. Белсенді қатысқандар ішінде Өскемен және Риддер қалаларының мектеп пен колледж оқушылары: № 16, № 4, № 44, № 36, № 33, № 35, № 7, №25 орта мектептері, Техникалық-экономикалық колледж, Риддер көппрофильді колледж.
Қатысушы командалар өте жақсы білім мен іскерлік, тапқырлық мен зеректілік, ой-қабілеттілігінің сонылықтығын және бірегейлігін, жасампаздығын және командамен жұмыс істей алатындығын көрсеткен. Қатысушылардың шығармашылық қабілеттіктерін ашуға олимпиадада болған емін-еркіншілік, жақсылық тілектестік, достық қолдаушылық, өзара құтқарушылық атмосферасы көмектесті, оны орнатқан шығарушы кафедраның кәсіпқой оқытушылары. Сонымен қатар, қаржылық-есептік мамандықтарының студенттері олимпиадаға даярлау және өткізу жұмыстарына белсенді түрде қатысқаны маңызды болды. Олар университетте алған білімдері туралы ғана емес, сонымен қатар сабақтан тыс уақытта өздерінің дарынды қабілеттіктерін ашу мүмкіндіктері туралы баяндады.
Олимпиада нәтижелері бойынша барлық қатысушылар келесі номинациялар бойынша дипломдармен марапатталды: Жасампаз қаржыгер; Қаржылық білімдар, Болашақ банкир; Жас бухгалтер; Қаржылық сауатты адам; Үздік талдампаз, Үздік талдаушы.
Біздің университетімізді сәтті бастамасымен құттықтауға болады және «Қаржы, есеп және салық салу» шығарушы кафедраға биылғы бітірушілердің орнына дарынды және қалыптан тыс ой-пікірі бар студенттердің келуін тілейміз.