Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 - 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында, ағымдағы жылдың 28 шілдесінде, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың «Простор» жазғы экспедициялық кампусында оқу тәжірбиелерін өтеп жатқан студенттермен жастар арасында діни мәдениетті қалыптастыру жөнінде кездесу өткізілді.

Тәжірбие аяқталған соң студенттер бос уақыттарын пайдалы өткізіп, өздерінің және жақындарының өмірлеріне қауіп төндіретін әрекетке бармас үшін, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды, солардың бірі діни сауаттылықтарын арттыруға бағытталған іс-шаралар. Кездесудің мақсаты, студенттерге радикалдық діни идеологияның таралу қаупі, жат дін мен хақ діннің ара жігін ажыратуға бағытталған, деструктивті діннің жетегінде кетіп адасқан, террористік топтың құрбандарының өмірлеріне қатысты ресми деректерден мысалдар келтірілді. Радикалдық діни идеологияға тартатын әдістер мен тәсілдердің түрлері және солардың бірі ғаламтор желілері арқылы жүргізілетін үгіт-насихаттар екендігі туралы ақпараттар берілді.

Кездесу нәтижесінде, студенттерге діни білімді ғаламтордан іздемей, қажет болған жағдайда дін саласындағы мамандардан алуға кеңес берілді. Жақындары мен туысқандары арасында деструктивті діни ағымдардың белгілерін байқаған жағдайда, кеңес беру қызметін көмек көрсететін құзіретті органдардың қауырт желілерінің телефон нөмірлері туралы ақпараттар берілді.

Студенттердің оқу процесінде алған білімдері мен кәсіби дағдыларын тереңдетіп, бекітуге зор мүмкіндіктер қарастырылып, таза ауа мен табиғат аясында өтетін оқу тәжірбиесінің берері мол. Кездесу барысында, қойылған сұрақтар мен әңгіме шеңберінде, біздің студенттердің көздері ашық, көкіректері ояу, мақсаттары анық екендігі байқалды. Кездесу өз мақсатына жетті.

Кездесуді Әлеуметтік-мәдени қызмет және жастар саясаты басқармасының бас маманы Амринова М.С. өткізді.