Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің студенті Айгерім Дүйсенбекова (топ 13-БЭ-1) Ұлт көшбасшысы - ҚР Тұңғыш Президенті қорынан шәкіртақы алған таңдаулы студенттер қатарына енді! Айгерім биылғы оқу жылында ғылыми бағыт бойынша қор стипендиаты атанған Шығыс Қазақстан облысынан бірден-бір студент.
29 қазан күні Ұлт көшбасшысы - ҚР Тұңғыш Президенті қорында қор стипендиаттарын марапаттаудың салтанатты шарасы өтті. Қазақстанның барлық аймақтарынан 80-нен астам талантты да табысты жастар қатаң сыннан өтіп, 2015-2016 жылғы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қорының стипендиаттары атану құрметіне лайық болды. Олар еліміздің әртүрлі жоғары оқу орнынан келгендер, олар қазірдің өзінде өз құрбыларынан жоғары академиялық көрсеткіштерімен және өз университеттерінің өміріне белсене қатысуымен ерекшеленеді.