2016 жыл сәуірдің 23- де университеттің Ашық есік шеңберінде орта мектептің 11 сынып оқушылары мен орта кәсіптік ұйымдардың білім алушыларына арналған «Жасыл түс» атты PUBLICRELATIONCLUB шарасы өткізілді. Бұл шара «Инновациялық менеджмент» кафедрасының күшімен өткізілді.
Аталмыш жоба Ашық есік күніне арналған жаңа формат түрінде өткізілуімен ерекшеленді. Бұл шараға облысымыздың Риддер, Өскемен қалалары мен Ұлан ауданынан келген 70 адам қатысты, яғни ҰБТде төртінші пәнін география таңдаған оқушылар болды.
PUBLICRELATIONCLUB «Жасыл түс» өткізілу шарасы жоғарғы оқу орнының басты идеясын жылжыту мақсатында «Келешекке ұмтылу - дәстүрлер, инновациялар және сәттілік» ұранымен мақсатты аудиторияны ұштастырумен ерекшеленді, яғни абитуриент пен ұстазды әсер ету агенттері ретінде қолдана білу.
Бұл шараны өткізуде ұйымдастырушылар келесі міндеттерді қойды:университет брендін жылжыту, фокус-топтарды ынталандырудың арқасында мақсатты аудиторияны табу, ықпал етуші агенттердің әсер ету деңгейін зерттеу, кейбір мамандықтар жайлы толық мәліметтер беру, треннинг өткізу, келешекте проффбағдарды қалай өткізу туралы жоспар құру,ынталандыру жұмыстарының тиімді жақтарын анықтау.
Аталмыш шара қойылған мақсаттарға сәйкес өз деңгейінде өткізілді. Мектеп ұстаздары мен оқушылар тарапынан таңдалған коммуникациялық әдістер моделі жоғары қызығушылық пен жағымды пікірлер көрсетті.