Ағымдағы жылдың 12 сәуірінде студенттер Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ студенттері Тәрбие жұмысы басқармасының қолдауымен және Ішкі қауіпсіздік басқармасының басшысы К. Қапашевтың сүйемелдеуімен Шығыс Қазақстан облысының көктемгі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындары үшін Өскемен қаласының «Нұр Отан» ХДП филиалына гуманитарлық көмек жіберді.
Университет оқытушылары мен қызметкерлері зардап шеккен аудандардың тұрғындары үшін гигиена құралдарын, азық-түлік, төсек жабдықтарын, киім және т.б. заттар даярлады.