Инклюзивті білім – қарапайым балалар/студенттер мен мүмкіндігі шектеулі балалар/студенттердің бірлесіп білім алуы. Яғни, балалардың денсаулық жағдайларына қарамастан қажеттіліктері мен құқықтарына тең қарауды көздейді.
Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ бұл бағыттағы жұмыстарын жыл сайын жетілдіріп келеді. Бұл бізге оқуға түсем деуші абитуриенттер санының артуынан, олардың оқуына деген жағдайдың жақсаруынан байқалады.
- 2019 жылы маусым айында нашар көретіндерге арналған сайт әзірленді.
- Университет кітапханасында студенттер үшін арнайы орын жабдықталған.
- Көру функциясы бұзылған студенттерді оқытуға арналған аппарат бар.
- "Инклюзивті білім туралы" Ереже әзірленді.10.02.2020 ж.).
- Жұмыс оқу бағдарламасында (силлабуста) 1.4.2-тармақта "Адаптивті білім беру технологиялары (инклюзивті оқыту) тармағы" көзделген.
- 15 оқытушы ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттермен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін сертификат иегері.
Сонымен қатар, Университет аумағы мүгедектер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз, қауіпсіз және ыңғайлы жүріп-тұруға мүмкіндік береді: қозғалысқа қолжетімділік, есіктер мен баспалдақтар арнайы бояуы, мүгедектерге автокөлік қоюға орын бөлу, пандустар, жатақханалардағы арнайы дәретхана бөлмелері қамтамасыз етілген.
2022-2023 оқу жылында ШҚТУ-да денсаулық сақтау мүмкіндіктері шектеулі 10 студент оқиды. 2 студент II-ші мүгедектік тобында, өзгелері III – ші топта.