ЖЕРГЕ ЖАНАШЫРЛЫҚ ЖАСАЙЫҚ
Халықаралық бөлімнің маманы Ермек Көмекбаев пен геология және тау-кен істері кафедрасының аға оқытушысы Наталья Зимановская ERAMUS+ , IUCLAND- «Internatioland University Cooperation on Land Protektion in Europtan-Asiatic Countries» жобасын жүзеге асыру жөніндегі үйлестіру кеңесінің жұмысына қатысты.Ол Нанкин қаласында /ҚХР/ өтті.
Жоба бойынша ынтымақ мәселелері талқыланды, Словакия, Хорватия, Италия, Қытай, Қырғызстан және Қазақстандағы серіктестермен жұмыс жүргізілді.Кеңес жұмысына аграрлық және техникалық университеттер, сондай-ақ агродақылдармен айналысатын компаниялар қатысты. Жобаның негізгі идеясы-үш жыл ішінде әр елде жазғы мектептер құру.Жазғы мектептерде студенттер мен оқытушылар жерді азғындауға қарсы күрестегі тәжірибелерін ортаға салады.Жобаның мақсаты айқындалып, әрбір серіктестің бұл істегі ролі белгіленді.
Жобаның үйлестірушісі Дель Молис /Италия/ университетінің профессоры Клаудио Коломбо.Бірінші күні әр серіктес университеттің жердің азғындалуының алдын алуға бағытталған жұмысымен таныстырды.Қаржыландыру, жазғы мектептерді құру және оның жұмысы,студенттер мен ауылшаруашылық қызметкерлерінің семинарларын өткізу,сондай-ақ делдалдар /жоба жұмысына басқа университеттер/ тарту мәселелері талқыланды.
Біздің университет жобаға Қазақстанда жазғы мектепті 2018 жылы ашатын болып енгізілді.Серіктес елдер жобаны жүзеге асыруға қатысып, көмектеседі.2018 жылы біздің университетке барлық серіктес елдердің студенттері мен оқытушылары келеді,сондай-ақ біздің студенттер оларға барып, жерді қорғау жөнінен тәжірибе алуға мүмкіндігі болады.