ШҚМТУ-да университет студенттерінің Өскемен қаласындағы мектептерді биыл бітіретін оқушылармен кездесуі осындай ұранмен өтті. Бұл шара ЖОО-да бірінші рет өткізілді. Қазір студент болып жүрген бұрынғы қала мектептерін бітірушілер өз мамандықтары және студенттік өмір туралы қызықты әңгімеледі.
Кездесуге қатысушылар алдында университет проректоры Николай Линок, Өскемен қалалық білім беру бөлімінің бастығы Александр Кузнецов, әдіскер Айбарша Нұрпейісова, университеттің қабылдау бөлімінің жауапты хатшысы Валентина Колпакова сөз сөйледі.