Ағымдағы жылдың 20 сәуірінде «Ресейде және шетелде экономикалық даму мен басқарудың мәселелері мен перспективалары» тақырыбында Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ-дың И.И. Ползунов ат. Алтай мемлекеттік техникалық университетінің Рубцовск индустриялық институтымен бірлескен X Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференция Рубцовск индустриялық институтының "Менеджмент және экономика" кафедрасында өтті. Кафедра меңгерушісі - Ресейдің еңбек сіңірген экономисі, э.ғ.д. Ольга Осадчая.

Конференция барысында Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ өкілдері - «Инновация менеджменті» кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Мадина Рахимбердинова және аға оқытушы, PhD докторы Ақмарал Қазыкешева баяндама жасады.

Бизнес және кәсіпкерлік мектебі бірлескен конференцияға қатысуға мүмкіндік ұсынғаны үшін Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ және И.И. Ползунов ат. Алтай мемлекеттік техникалық университетінің Рубцовск индустриялық институты басшылығына алғыс білдіреді және бұл ынтымақтастықтың болашақта жалғасын табатындығына сенімін білдіреді.

Ссылка на сайт Рубцовского индустриального института о совместной конференции http://www.rubinst.ru/news/5933-itogi-provedeniya-desyatoy-mezhdunarodnoy-nauchno