Биылғы жылы магистратураға түсушілер үшін кешенді тестілеу электронды форматта және ЖОО-да емес, аймақтық тестілеу орталықтарында өтеді. Бүгін талапкерлердің жеке кабинеттеріне КТ өткізу туралы күні мен орны көрсетілген хабарлама жіберіледі. Шығысқазақстандықтар емтиханды Қазақстан, 63 мекен-жайы бойынша тапсырады.

Елдегі тұрақсыз эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, санитарлық шараларды күшейту көзделіп отыр. Тестіленушілер дезинфекцияның 5 кезеңінен өтеді. Залалсыздандыру туннелінен өтіп, аяқ киімді арнайы кілемшеде сүртеді. Қолды санитайзермен өңдеп, температураны өлшейді және бетперде ауыстырады.

Әр аудитория онлайн-трансляциямен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, әр компьютерде жеке бақылау камералары орнатылады, сондықтан түсушілер тек қана білімдері мен сәттілігіне үміттенген абзал.

Кешенді тестілеу 3-15 тамыз аралығында өткізіледі.