⠀Astana Hub Өскеменде «Стартап мектебі» атты интенсивті курсын ұсынды. Халықаралық технопарктың өкілдері жобаға Шығыс Қазақстан облысының кез-келген тұрғыны қатыса алады дейді.

Осы жылда аймақтық стартап - Community қауымдастығын құру жоспарлануда. Ұйымдастырушылар дарынды студенттерді, іскер мамандарды және болашақ IT-компанияларды анықтауға келді. Олар стартап жобалар туралы білім беріп, идеяларын қысқа мерзімде жүзеге асыруға көмектесе алады.

Университеттің бірінші проекторы Сәуле Рахметуллина студенттерді өз сөзімен қолдады:
- Astana Hub өкілдері келгендеріңіз үшін үлкен рахмет. Халықаралық Технопарк - бизнесті қалай бастау керек, оны қалай дамыту керек және қателіктерге жол бермеу туралы ақпаратпен бөлісуге келді. Қәзіргі таңда біз үлкен мүмкіндіктер кезеңінде өмір сүріп жатырмыз. Сіздерде кәсіпкер болуға, арманыңызды жүзеге асыруға мүмкіндіктеріңіз бар. Сізге жан-жақты қолдау көрсетілген осы университетте оқығаныңыздың сәті түсті. Сондықтан үйреніңіз, батыл болыңыз!

Astana Hub, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мен Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. ШҚМТУ ақпараттық технологиялар саласындағы шығармашылық бизнес-жобалар туатын алаң бола алады.
Жобаға қатысудың артықшылықтары көп - бұл салықтардың болмауы, визалық жеңілдіктердің алу, тәлімгерлердің қолдауы және бизнесті жүргізуге көмек.
Astana Hub командасы Қазақстанның барлық ірі қалаларына баруды жоспарлап отыр. Нәтижесінде, әр аймақтың дамуы үшін жеке жоспар құрылады, оған Astana Hub оқу бағдарламалары, әдістемелер мен тәжірибе алмасу кіреді.

ШҚМТУ базасында «Стартап мектебі» 2 күнге созылады.

 

 

 

Бренд кеңсе