Наурыз – шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы, Ұлыстың ұлы күні. Наурыз шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтеледі. Қазақ халқы Наурыз мерекесін айырықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды салт-дәстүрге айналдырған.

«Береке басынан басталады» демекші, «жыл басы жақсы басталса, аяғы да жақсы болады». Осындай ниетпен қазақ және орыс тілдері кафедрасының мүшелері құрметті демалыстағы әріптестерін Наурыз мейрамына шақырды.

Дастархан жайылып, дәстүрлі Наурыз көжеден дәм татып, келген қонақтарға  кафедра оқутышыларынан сыйлық тапсырылды.

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің баспасөз қызметі