Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ ғылыми кітапханасында Астананың 20 жылдығына орай кітап көрмесін ашты.

Көрменің мақсаты – жас астананы қалыптастыру мен дамыту тарихымен таныстыру. Елордамызға бағышталған 30-дан астам кітап пен мерзімді басылымдардан тұратын жинақ көрме төрінен орын алды.

Бүгінде Астана - барлық қазақстандықтарды біріктіріп тұрған, келешегі  жарқын, мықты, гүлденген қала.