Құрметті мектеп түлектері мен ата-аналар! Біз сіздерді қуантуға асығамыз! Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2022 жылы білім беру гранттарының саны 5000-ға, ал 2025 жылға қарай 15000-ға артады! Осылайша, Президенттің қолдауының арқасында қазақстандық мектеп түлектері бюджет есебінен оқуға мүмкіндік алады.
Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ - Қазақстанның беделді жоғары оқу орындарының бірі. Бүгінгі таңда беделді білім - бүкіл өмірдің сенімді іргетасы, өйткені оның қоғамдағы орны, мансабының өсуі және бизнестегі табысы адамның қай жерде оқығанына байланысты. ШҚТУ өңір, Қазақстан тұрмақ, бүкіл әлемде таныс және сұранысқа ие түрлі салаларға мамандарды даярлайды.
Қазіргі уақытта ШҚТУ-да Сәулет және құрылыс мектебі, Бизнес және кәсіпкерлік мектебі, Машина жасау мектебі, Дәстүрлі және балама энергетика мектебі, Ақпараттық технологиялар және зияткерлік жүйелер мектебі, Жер туралы ғылымдар мектебі, Металлургия және пайдалы қазбаларды өңдеу мектебі, Әскери кафедра, базалық инженерлік дайындық факультеті, гуманитарлық білім факультетінен және шетелдік студенттерге арналған бағдарлама «Foundation» тұрады.
Сондай-ақ, Мәжіліс отырысында сөз сөйлеу кезінде Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев гуманитарлық мамандықтарға әуестену уақыты өткенін, техникалық мамандықтарға басымдық берілетінін атап өткіміз келеді.
Д. Серікбаева атындағы ШҚТУ - мен бірге жарқын болашаққа қадам бас!