2024 жылғы 1 қарашада Диссертациялық кеңесте D094 – Ақпараттық технологиялар бағыты бойынша: 8D06101 – «Ақпараттық жүйелер (салалар бойынша)» білім беру бағдарламасы бойынша, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті жанында философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Бектенова Әсел Мерғалиқызының «Оқушылардың дарындылықтарын дамытуға арналған жеке траекториясын көп критерийлі қалыптастырудың ақпараттық модельдері мен әдістерін әзірлеу» тақырыбындағы докторлық диссертациясының қорғауы өтті.
Ғылыми кеңесшілері:
Денисова Наталья Федоровна – физика-математика ғылымдарының кандидаты, ҚОКСНВО қауымдастырылған профессоры, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің Ақпараттық технологиялар департаментінің цифрлық офицері (Өскемен қаласы, Қазақстан Республикасы);
Бобров Леонид Куприянович – техника ғылымдарының докторы, Новосібір мемлекеттік экономика және басқару университетінің қолданбалы информатика кафедрасының профессоры «НИНХ» (Новосібір қаласы, Ресей Федерациясы).