Бүгін салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары ШҚМТУ студенттерімен кездесіп, қызылша, туберкулез, коронавирус сияқты жұқпалы аурулардан қалай сақтаунаға болатынын айтып берді.
Қазір көрші Қытайда коронавирус инфекциясы өршіп тұрғаны белгілі. Сақтықта қорлық жоқ! Сол себепті, Қазақстанда ел арасында түсіндіру жұмыстары күшейді. ЖОО-да өткен конференцияда жауапты сала мамандары тағы бір мәрте сақтық шараларын егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.
- Ең бастысы жеке гигиеналық тазалықты сақтау қажет. Қоғамдық орындарда қашықтық сақтау маңызды. Температураның жоғарылауы, жөтел пайда болуы және тыныс алудың қиындауы кезінде тез арада медициналық көмекке жүгіну керек. Әрине, ең бастысы иммунитетті нығайтуға көңіл бөлген жөн, - дейді СӨСҚО мамандары.
Жиын барысында жастар өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, жан-жақты жауап алды.