Тәуелсіздік күні - тарихы тереңді бойлаған елдің егеменді болған күні. Бабалар аңсап, жастардың ерлігімен қол жеткен байлық, қазына.
Өткенімізге үңілетін болсақ, айтулы күннің ардақтысы жастар екеніне көз жеткіземіз. Бастарын бәйгеге тігіп, желтоқсанның ызғарында жан берісіп, жан алысқан азаматтар қарасы студенттер болатын. Бұл күннің қуанышты да, күңірентер жайы да жанға ұялайды. Бүгінгі студенттерімізге қарап, кешегі тәуелсіздік жастарының қаншалықты балғын болғанын, солай бола тұра, қандай үлкен ерлікке барғанын көреміз. Сондықтан, еліміз үшін, егемендік, еркіндік үшін жастардың мәртебесі асқақ!
Қазақ еліне ерекше мәртебеге ие Тәуелсіздік күні құтты болсын! Аспанымыз ашық, көңіліміз шат, ел үшін еңбегіміз жемісті болсын! Қазақстан гүлденіп, көркейе берсін! Көк туымыз көгімізде желбірей берсін!