Сізді Өзімнің және Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ ұжымы атынан Петропавл қаласы әкімі лауазымына тағайындалуыңызбен құттықтаймын!
Мемлекеттік қызметте еңбегіңіз жанып, кәсіби, шығармашылық табысқа, халық қолдауы мен тілеуіне бөленуіңізді нәсіп етсін!
Әкім ретіндегі жауапты қызметте әділетті, қабілетті басқарып, ел сүйіспеншілігіне бөленетініңізге сенім білдіреміз! Шығыс Қазақстан техникалық университеті өз түлектерін ұмытпайды және әрқашан мақтан тұтады!
Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ Басқарма Төрағасы-Ректор
Сәуле Рахметуллина