5 сәуір күні Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ -дың акт залында университетіміздің 60-жылдығына арналған іс-шаралары аясында «Әркімнің инвестор болуға талабы бар» атты шеберлік сағаты өтті. Шараны ұйымдастырушылар қатарынан Д. Серікбаев ат. ШҚМТУ және «Фридом Финанс» АҚ табылды.
Тренингті «Фридом Финанс» ИК (Мәскеу, Ресей) сауда бөлімінің басшысы Игорь Клюшнев жүргізді. Игорь Клюшнев 2007 жылдан бері қор рыноктары саласында қызмет істеп келеді және «Фридом Финанс» ИК-ның негізін қалаушылардың бірі болып табылады.
Семинарда «Фридом Финанс» ИК сауда бөлімінің басшысы ел экономикасындағы қор нарығының рөлі және Қазақстанның қор нарығындағы қазіргі жағдай туралы әңгімеледі. Ол тәжірибе жүзінде инвестор (трейдер) болу және KASE биржасында ақша табу жолдарын көрсетті.
Бұдан басқа, ең үздік инвестициялық стратегия бойынша республикалық конкурының ағымдағы жылдың 2 сәуірінде басталғандығы туралы хабарланды. Байқау «Қазақстандық қор биржасының» 25 жылдығына орай «Фридом Финанс» АҚ бастамасымен ұйымдастырылған, сондай-ақ қор нарығының жұмысына қатысу және қаржылық сауаттылығын дамыту жолында халықты көптеп тартуды мақсат етеді.
ШҚМТУ Баспасөз Кызметі