Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ студенттеріне «Соңғы 10 жылдағы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы және алдағы уақыттағы даму жолдары» атты тақырыпта дәріс оқыды.

- Егеменді еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қарқынына Шығыс қазақстан облысының қосып отырған үлесі айрықша. Шығыс Қазақстан өзінің бай мәдени мұрасымен ғана емес, ірі өнеркәсіптік, энергетикалық және ғылыми әлеуетімен ерекше, сондай-ақ транспорттық инфорақұрылымы дамыған ірі аграрлық өңір.

- Біздің облыс – мырыш, титан, мағний, тантал және тағы да басқа сирек кездесетін металдар, сондай-ақ атом электростанциялары үшін отын өндіретін республикадағы бірден-бір өңір. Шығыс Қазақстан аумағында өнімдері әлемдік нарықтағы үлкен сұранысқа ие ірі және орта түсті металлургия, машинажасау, көлік құрастыру, энергетика, құрылыс индустриясы, жеңіл және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары жұмыс істейді. Өңіріміздің өркендеу өрісі – өндіріс. Шығыс Қазақстан үдемелі индустриалды-инновациялық жобаларды қаржыландыру көлемі бойынша республикада көш бастап келеді. Индустриаландыру картасына біздің облыс бойынша 34 жоба кірді. Инвестицияның жалпы көлемі 629 млрд теңге. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға мемлекеттен 985 миллион теңге субсидия бөлінді. Облыстың шетелдерден инвестиция тартуға, өздігінен халықаралық ынтымақтастыққа ұмтылуы аймақта дамудың жаңа кезеңі басталғанын көрсетеді. Бүгінде Шығыс Қазақстан Ресейдің Алтай өлкесімен, Беларусь елінің Могилев облысымен, Түркияның Бурса аймағымен бауырластық қарым-қатынас орнатқан – деді облыс әкімі. Кездесу соңында студенттер аймақ басшысына өздерін толғандыратын сауалдарын қойды.

Мақала материалы www.akimvko.gov.kz сайтынан алынды