ШҚМТУ-дың Мансап орталығына қарасты Жұмыспен қамту секторының «Сәтпаев тау-кен байыту комбинаты» ЖШС басшылығымен екі жақты кездесуі өтті. Кездесу барысында университет түлектерін жұмысқа орналастыру, студенттердің іс-тәжірибеден өтуі және профильді кафедралар филиалдарының ашылуы туралы мәселелер талқыланды.
Кәсіпорынның бас директоры Қ.Сараужанов тәжірибе және жұмыспен қамту базасын қамтамасыз етудің маңыздылығы мен басымдылығын атап өтті.
Сондай-ақ, «Серпін-2050» мемлекеттік бағдарламасын бірлесіп жүзеге асырудың өзекті мәселелері қаралды. «Сәтпаев тау-кен байыту комбинаты» ЖШС өнеркәсіптік кәсіпорыны осы жобаны жүзеге асыруға демеу беруге дайын екендігін білдірді.
Өз кезегінде, ынтымақтастықтың негізгі бағыттары анықталды.
Кездесу ШҚМТУ-дың Мансап Орталығының жұмыспен қамту бөлімінің бастамасымен ұйымдастырылды.
Д.Серікбаев ат. ШҚМТУ баспасөз қызметі