Ағымдағыжылдың 2-ші қарашасында Д.Серікбаеватындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің жатақханаларында Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын түсіндіру мақсатымен студенттермен кездесулер өткізілді. Студенттердің алдында ШҚМТУ-дың жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Б. Кадыров және «Өскемен қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ бас маманы  А. Турсимбетов сөз сөйледі. Жастардың назарына мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары, еліміздегі маңызы бар жобалар, «100 жаңа тұлға» жобасы жайлы мағұлмат ұсынылды.