Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-ға Польша делегациясы келіп қайтты. Оның құрамында Польша Республикасының ҚР-дағы елшілігінің кеңесшісі Мячеслав Лапановски мен Стансилав Стащиц атындағы университетінің (Краков) PһD докторы Марек Бергандер мырзалар бар.
Университеттің баспасөз залында ШҚМТУ ректоры және профессор-оқытушылары поляк меймандарымен кездесті. Онда білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. ШҚМТУ және Краков университеті арасында өзара түсіністік жайлы меморандумға қол қойылды.
- Бүгін алғашқы және өте маңызды қадам жасалды. Таяуда студенттеріміз, магистранттар мен докторанттарымыз бірлескен жобаларды, зерттеулерді іске асыра бастайды, – деді Марек Бергандер.