Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-дың ғылым және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Олег Гавриленко Өскемен қаласының әкімдігі, «ШҚО энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі, «Климаттың өзгеруін тоқтату бойынша қазақстандық USAID бағдарламасы» және Қазақстандағы AES компаниясының тобы арасында жасалған энергия сақтау жүйесін енгізу және жетілдіру бойынша өзара ынтымақтастық туралы меморандумның қол қоюына қатысты.
Қол қойылған меморандум аясында қатысушылардың ынтымақтастығы энергияны сақтау саласындағы алдыңғы қатарлы халықаралық әдістерді және тәжірибені енгізуге бағытталады. Энергия сақтау және энергия менеджменті саласында мамандарды даярлаудың сапасын арттыруға ерекше назар аударылатын болады. Осыған байланысты Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ Қазақстандағы AES компания тобымен бірлесіп, жобаға тәжірибелік қолдау көрсетеді және жобаның жүзеге асуы үшін ғылыми-техникалық базасын ұсынады.
Бүгін Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да үш топ қалыптасты, олардың құрамында «Жылу энергетикасы» және «Электр энергетикасы» мамандықтарының студенттері, магистранттар бар. Топ нұсқаушысы болып Қазақстандағы AES компания Тобының өкілдері, сондай-ақ «Өндірістік энергетика» кафедрасының оқытушылары анықталды.
Студенттер мен магистранттар үшін бұл жоба энергетикалық тексеруді өткізу бойынша тәжірибелік және зерттеу дағдыларын алумен тартымды болып отыр. Оқытушылар үшін - энергия сақтау саласында халықаралық деңгейдегі алдыңғы қатарлы әдістермен және тәжірибелік тәсілдемемен танысумен тарымды. Кәсіпорындар үшін жоба энергия сақтау әлеуетін бағалауға, энергия тиімділігін арттыру жолдарын табуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар энергетикалық тексеру процедураларының және энергоаудит шығындарына қатысты қаражатты белгілемейді.
Жобаны жүзеге асырудың қорытындысында Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ базасында Өнеркәсіптік энергоаудит орталығы құрылмақ.